​Қазақстанда сәуір айындағы күнкөріс минимумының мөлшері – 26 339 теңге болды

0
1 108

Бұл көрсеткіш 2017 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2,9%-ға артқан, 2017 жылдың сәуір айымен салыстырғанда 15,6%.


​Қазақстанда сәуір айындағы күнкөріс минимумының мөлшері – 26 339 теңге болды

фото (baq.kz)

Қазақстанда 2018 жылы сәуір айында күнкөріс минимумының мөлшері 26 339 теңгені құрады, бұл наурыз айымен салыстырғанда 0,5%-ға артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

"Бұл көрсеткіш 2017 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2,9%-ға артқан, 2017 жылдың сәуір айымен салыстырғанда 15,6%", – деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статкомитетінен.

Статистиктердің деректеріне қарағанда, сәуір айында күнкөріс минимумының жалпы үлесінде ет және балық алуға 19,8% жұмсалған, сүт, май өнімдері және жұмыртқаға – 15,6%,жеміс пен көкөніске – 10,3%, нан, жарма өнімдеріне – 7,3%, қант, шәй, дәмдеуіштерге – 2%.

Қазақстан халқының саны 18,2 миллион адамнан асып отыр.