Қазақстандық банк қызметкерлері банк қызметкерлері кассадан 128 мың еуро ұрлады

0
1 082

Сотталғандар банк филиалының кассасынан 128 000 еуро (49 345 344,4 теңге) және 79 900 АҚШ долларын (26 286 818,8 теңге) алып кеткен.


Қазақстандық банк қызметкерлері банк қызметкерлері кассадан 128 мың еуро ұрлады

Алматыда банк филиалының кассасынан екі қызметкер 128 мың еуро алып, орнына сувенир банкноттарды қалдырған, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-пунктіне сәйкес қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың шілдесінен бастап 26 қазанына дейін Алматы қаласында орналасқан «Б» АҚ банкінің филиалында кассадағы ақшаға рұқсаты бар материалды жауапты тұлғалар А. және С. қызметтік лауазымын пайдаланып, өздеріне сеніп тапсырылған қаржыны сөмкелеріне салып, банктен алып шыққан.

«Сотталғандар банк филиалының кассасынан 128 000 еуро (49 345 344,4 теңге) және 79 900 АҚШ долларын (26 286 818,8 теңге) алып кеткен. Өздерінің қылмысын жасыру мақсатында ұрланған жерге «еуро» сувенирлік банкноттарын салып қойған», - деп хабарлады сотта.

Сот отырысында қылмыскерлер кінәсін толық мойындады.