​Қазақстанның қай қалаларында көлік көп ұрланатыны анықталды

0
1 203

2017 жылы көлік ұрлаушылардың көбінде ВАЗ, Mazda, Volkswagen, Mitsubishi және Mercedes көліктеріне көзі түсетіні хабарланған еді.


​Қазақстанның қай қалаларында көлік көп ұрланатыны анықталды

Қазақстанның қай қалаларында көлік көп ұрланатыны анықталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында көліктер жиі ұрланады екен.

Редакция сауалына берілген ведомство жауабында 2018 жылдың 5 айында республика территориясында 827 көлік ұрланып, оның 339-ы ғана иесіне қайтарылған.

2017 жылдың осындай кезеңінде 654 көлік ұрланып, оның 475-і табылған, қалғандары әлі де іздестіріліп жатыр.

2017 жылы көлік ұрлаушылардың көбінде ВАЗ, Mazda, Volkswagen, Mitsubishi және Mercedes көліктеріне көзі түсетіні хабарланған еді.