Қазақстанның сыртқы қарызы арттып келеді

0
2 077

​2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы борышы 167,5 млрд. АҚШ долларын, ал сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы 105,9%-ды құрады (кезеңде 2,9%-ға ұлғайды),-деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Ұлттық Банкіне сілтеме жасап.


Қазақстанның сыртқы қарызы арттып келеді

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы борышы 167,5 млрд. АҚШ долларын, ал сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы 105,9%-ды құрады (кезеңде 2,9%-ға ұлғайды),-деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Ұлттық Банкіне сілтеме жасап.

Сыртқы борыштың құрылымынның 62%-ы фирмааралық берешек. 26%- ы «Басқа секторлардың» байланысты емес кредиторлар алдындағы сыртқы борышы. Ал, 8%- ы мемлекеттік сыртқы борышқа (Үкімет және Ұлттық Банк), 4%-ы «Банктер» секторының(ЕДБ және «Қазақстанның Даму банкі» АҚ) сыртқы міндеттемелеріне тиесілі.

2017 жылғы 4-тоқсанда елдің сыртқы борышы 1,4 млрд. АҚШ долларына, негізінен: - ірі өндіруші компаниялардың тікелей инвесторларына бұрын есептелген дивидендтерді төлеу; - кәсіпорындардың тел компаниялардан алған сыртқы қарыздарды өтеуі есебінен қысқарды. Талдау жасау мақсатында сыртқы борыштың құрылымында мемлекет бақылайтын ұйымдардың (банктер және мемлекеттік сектор тікелей немесе жанама түрде 50%-дан астам капиталға қатысу үлесін иеленетін ұйымдар ) сыртқы борышы жеке атап өтіледі. Мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы 27,4 млрд. АҚШ долларын құрады. 2017 жылғы 4-тоқсанда 1,0 млрд. АҚШ долларына ұлғаю сондай-ақ: - «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-тың теңгеге деноминирленген еурооблигацияларды 100 млрд. теңге көлемде дебюттік шығаруы; - Қытай банктерінің Қазақстанның аумағында автомобиль жолдары желілерінің және Атырау облысында полипропилен өндіру зауытының құрылысын қаржыландыруды бастауы есебінен болды. Қазақстан Республикасының таза сыртқы борышы 2017 жылғы 4-тоқсанда 2,0 млрд. АҚШ долларына ұлғая отырып, 45,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте мемлекеттік сектор және «Банктер» секторы қалған әлемге қатысты таза кредиторлар ретінде болады, ал «Басқа секторлар» таза қарыз алушылар болып табылады.