Ажар Ғиният коронавирустан қайтыс болғандар санының арту себебін түсіндірді

0
1 183

Өткен аймен салыстырғанда ауруханаға түскен науқастардың саны 2,5 есеге артып отыр.


Ажар Ғиният коронавирустан қайтыс болғандар санының арту себебін түсіндірді

ERNUR.KZ. Осы айда коронавируспен ауруханаға түскендер саны 2,5 есеге артып кетті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда қайтыс болған адамдар санының өсуі аурушаңдықтың белең алуына, ауруханаға түсіп жатқан науқастардың артуына байланысты. Өткен аймен салыстырғанның өзінде ауруханаға түскен науқастардың саны 2,5 есеге артып отыр. Өткен айда 4 мыңға жуық адам ем алса, қазір 10,5 мың адам аруханаға түсті. Аурухана түскен адамдардың 600-ден астамы қатаң түрде жансақтау бөлімінде жатыр. Осы қатаң түрде немесе ауруды асқындырып алып, ауруханаға түскен адамдардың көбі үйінде өз бетінше емделген. Дәрігердің емес өзге адамдардың кеңесімен емделгендер де бар», - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, осыған байланысты еліміздің барлық өңірінде мобильдік бригадалар жұмыс істейді.

«Учаскелік дәрігеріңізге хабарласып, мобильдік бригада шақырсаңыз дер кезінде дәрі-дәрмек әкеледі. Тест алып, үйде не ауруханада ем алуыңызды анықтайды. Сондықтан уақыт өткізіп алмауыңызды, өз бетінше емделмеуіңізді сұраймыз», - деді ол.