​Азық-түлік арзандап, дәрі-дәрмек қымбаттады - Сүлейменов

0
1 295

Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.


​Азық-түлік арзандап, дәрі-дәрмек қымбаттады - Сүлейменов

ERNUR.KZ. Елімізде әуе және теміржол билеттерінің құны, бензин мен дәрі-дәрмек қымбаттады, ал азық-түлік арзандады. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, жазады Tengrіnews.kz.

"Соңғы үш айда өндірістік тауарлардың арзандағаны байқалады, маусымда - 0,1 пайыз, шілдеде - 0,4 пайыз, тамызда - 0,2 пайыз. Бұл инфляция компонентінің ең төменгі көрсеткішіне алып келді - 2,3 пайыз бағаның өсуі. Картоп бағасы - 13,4 пайыз, жұмыртқа - 12,9 пайыз, жарма - 8,1 пайыз, пияз - 3,6 пайыз және шәй - 0,8 пайызға төмендеді, - деді министр.

"Дизель отынының бағасы - 17,2 пайызға, аяқкиім - 5,9 пайызға, газ - 4,8 пайызға, дәрі-дәрмек - 4,5 пайыз және тұрмыстық заттар - 4,3 пайызға қымбаттаған", - деді Сүлейменов. Оның айтуынша, ақылы қызмет түрі 3 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде әуе қызметі (18,5 пайыз) және теміржол билеті (8,7 пайызға) өсті, ал құқықтық қызмет түрі 6 пайызға өскен. "Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету құны 1 пайызға және қонақ үй қызметінің құны 1 пайызға арзандаған", - деп нақтылады министр.