Азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағаларын бақылайтын сервис енгізілді

0
1 469

Мұндай платформаның идеясы пандемия кезінде тауарлар мен дәрі-дәрмектердің 10-нан 30%-ға дейін айтарлықтай қымбаттауы байқалған кезде қалыптасты.


Азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағаларын бақылайтын сервис енгізілді

ERNUR.KZ. ҚР Сауда министрлігінде Derekhub.kz арқылы шешім әзірленді. Бұл әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен дәрі-дәрмектердің бағаларын және бағаны заңсыз көтеру жағдайларын бақылауға көмектеседі, деп жазады zakon.kz.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы тағы бір жоба – derekhub.kz сервисі. Ол бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) және дәрілік заттардың бағаларына мониторинг жасауға және талдауға мүмкіндік береді. derekhub.kz арқылы отандық бизнесмендер мен тұтынушылар ӘМАТ өзекті бағаларын және ҚР СИМ белгілеген шекті құн нормаларын көре алады.

Мұндай платформаның идеясы пандемия кезінде тауарлар мен дәрі-дәрмектердің 10-нан 30%-ға дейін айтарлықтай қымбаттауы байқалған кезде қалыптасты. Бұған дейін ҚР СИМ белгілеген лимиттерде бағаның ұсталуын тексеру үшін барлық өңірлерді қамтуға мүмкіндік бермейтін ішінара тексерулер жүргізу қажет болатын. Енді бұл үшін біз әзірлеген сервисті пайдалану жеткілікті, - деп түсіндірді Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті директорының орынбасары Ерлан Ешназаров.

Сауда және интеграция министрлігі бизнесті, сауда объектілерін осы бастамаларға ерікті негізде қатысуға шақырады. Оның шеңберінде платформаға қатысушы компаниялар заңды мәселелер бойынша бизнесті қолдаудың тегін жедел желісіне және ҚР СИМ атаулы сертификаттарына, сондай-ақ ӘМАТ нарықтық бағалары бойынша тұрақты талдамалық есептерге, бұлтты фискалдық құралға және dosmart ниеттестік картасына тегін жазылуға, кепілсіз кредит өнімдеріне және Альфа Банктен төлем құралдарына қол жеткізе алады.

Сондай-ақ, ҚР СИМ жылдың әлеуметтік жауапты кәсіпкерлері үшін ерекше номинация - "Адал сатушы" ("Trusted businnes") беріледі.

Платформа пилоттық режимде іске қосылды. Кәсіпкерлер бағаларды жүктей алады және тарихты жеке кабинеттен көре алады. Ритейл-аналитика оларға тегін толық көлемде қолжетімді болады.