Бағаны тұрақтандыру қорларының жұмысын толықтай жергілікті атқарушы органдарға жүктеу ұсынылды

0
1 171

Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктерден тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану ережесіне әртүрлі өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар келіп түсуде. Олар, мысалыға, өнімнің сақтау кезінде табиғи кему нормаларын немесе жеткізушілермен баспа-бас айырбас мүмкіндігін белгілеуді және тағы басқаларды көздейді. Бұл туралы Үкімет сағатында ҚР АШМ бірінші вице-министрі Арман Евниев баяндады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Осыған байланысты, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану бойынша жұмысты жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратынын, сондай-ақ, осы мақсатқа арналған қаражаттың бір бөлігі жергілікті бюджеттерден бөлетіндігін ескеріп, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану ережесін бекіту функцияларын әкімдіктерге беру мәселесін пысықтауды орынды деп санаймыз. Ол әкімдіктерге әр қайсы өңірдің ерекшелігін ескере отырып өздеріне ыңғайлы ереже әзірлеп, жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді»,- деді А.Евниев.
Қазіргі кезде ел аумағындағы тауар қорларының құрылымында қант 35,4%, картоп – 24,4%, пияз -9,6%, сәбіз – 5,8%, ұн – 5,6%, қырыққабат – 5,4%, өсімдік майы – 5,2%, қарақұмық жармасы – 3,5% құрайды.
Тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға арналған қаражаттың 4 423 млн.теңгесі Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың шоттарында және екінші деңгейдегі банктардың депозиттерінде жатыр. Оның ішінде, 1 716 млн.теңгесі (немесе 38,8%) Астана қаласына, 895,6 млн.теңгесі (немесе 20,2%) – Оңтүстік Қазақстан облысына, 508,5 млн.теңгесі ( немесе 11,5%), Алматы қаласына, 221,2 млн.теңгесі (немесе 5,0%) – Атырау облысына, 216,6 млн.теңгесі (немесе 4,9%) – Қызылорда облысына және 179,9 млн.теңгесі (немесе 4%) – Батыс-Қазақстан облысына тиесілі.