Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

0
757

Алаяқтық бойынша қозғалған іс қылмыстық оқиғаның болмауына байланысты тоқтатылған.


Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

ERNUR.KZ. Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қозғалған қылмыстық іс заңсыздығына байланысты ҚР Бас прокуратурасымен тоқтатылды, деп жазады Stan.kz.

Шенеунікке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қозғалған іс қылмыстық оқиғаның болмауына байланысты тоқтатылды.

Оның күшін жою туралы шешімді 28 қазанда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Әбу Әли Саттар қабылдады.

Еске салсақ, Бағдат Манзоровтың ұсталғаны туралы сыбыстар әлеуметтік желілерде пайда болды. Бұл оқиға 26 қыркүйекте болғандығы айтылды