Байғабұлов Бекшиннің орынбасары болып тағайындалды

0
525

Байғабұлов 2020 жылдың 31 наурызынан бастап Көліктегі бас санитар дәрігер болып жұмыс істейді.


Байғабұлов Бекшиннің орынбасары болып тағайындалды

ERNUR.KZ. Сәдуақас Байғабұлов Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп жазады baq.kz.

"Бүгіннен бастап Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалдым", - деді Байғабұлов.

Қазір департамент басшысы Жандарбек Бекшин. Ал Байғабұлов оның орынбасары қызметін атқарады.

Айта кетейік, Байғабұлов 2020 жылдың 31 наурызынан бастап Көліктегі бас санитар дәрігер болып жұмыс істейді. Бұған дейін Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері қызметін атқарды.

2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтанда Тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін (Астананың бас санитарлық дәрігері) басқарды.

2020 жылдың 13-28 шілде аралығында Атырау облысының бас санитарлық дәрігері қызметін атқарды. Осы уақытқа дейін Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінде болды.