Байқоңыр ғарыш айлағының директоры ауысты

0
713

Байқоңырдың жаңа басшысы бұрын "Шығыстағы" жұмыстарды сүйемелдеу жөніндегі директор қызметін атқарған Сергей Мочалов болады.


Байқоңыр ғарыш айлағының директоры ауысты

ERNUR.KZ. Байқоңыр ғарыш айлағының директоры Валинур Агишев Восточный ғарыш айлағының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"ЖҒИНПО" АҚ Бас директоры Руслан Мұхамеджанов Байқоңыр және ғарыш айлақтарында жоспарлы тағайындаулар туралы бұйрыққа қол қойды. "Шығыс" ғарыш орталығы бөлімшесінің директоры болып бұрын "Оңтүстік" ғарыш орталығы (Байқоңыр ғарыш айлағы) филиалының директоры қызметін атқарған Валинур Агишев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Байқоңырдың жаңа басшысы бұрын "Шығыстағы" жұмыстарды сүйемелдеу жөніндегі директор қызметін атқарған Сергей Мочалов болады.

Агишев Байқоңыр ғарыш айлағында 20 жылдан аса Қарулы күштерде қызмет етті. 2017 жылдың шілдесінен 2019 жылдың наурызына дейін ол "Шығысты" басқарды.

Мочалов Байқоңыр ғарыш айлағында Ресей Қарулы күштерінде қызмет еткен, ғарыш айлағындағы филиалда басшылық лауазымдарды атқарды. 2018 жылдан бастап Восточный ғарыш айлағында жұмыстарды сүйемелдеу жөніндегі директор лауазымында жұмыс істеді.