Байқоңырда екі ел азаматтарынан құралған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

0
482

Бір уақытта Астана, Қызылорда және Қонаев қалаларында аталған қылмыстық топтың көмекшілері ұсталды.


Байқоңырда екі ел азаматтарынан құралған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

ERNUR.KZ. 3 қаңтарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Ішкі істер министрлігі, Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі және РФ Ішкі істер министрлігі Байқоңыр қаласында құрамында Қазақстан және Ресей азаматтары бар ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп жазады ulysmedia.kz.

Бір уақытта Астана, Қызылорда және Қонаев қалаларында аталған қылмыстық топтың көмекшілері ұсталды. Арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 басшысы мен белсенді мүшелері ұсталды. Олардың тұрғылықты жерінен атыс қаруы, ақша және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де материалдар алынды.

Қылмыстық топтың адам ұрлауға, бопсалауға, қарумен шабуылдау және ұрлыққа қатысы бары анықталды. Қазір сот алды тергеу аясында ұсталған азаматтардың өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.