Байқоңырда коронавирустан алғашқы адам өлімі тіркелді

0
839

Қайтыс болған адамның ғарыш айлағында жұмыс істеген-істемегені белгісіз.


Байқоңырда коронавирустан алғашқы адам өлімі тіркелді

ERNUR.KZ. Байқоңыр қаласында коронавирустан алғашқы адам өлімі тіркелді, - деп жазады тengrinews.kz.

"Ресейлік "Байқоңыр" ФМБА кешені аймақтық басқармасының мәліметі бойынша, 2020 жылғы 18 маусым сағат 16:00-дегі жағдай: Байқоңыр қаласында вирус жұқтырғандар саны - 56; ауруханадан шыққандар саны - 10; амбулаториялық емдеуге жіберілгендер саны - 7; қайтыс болғандар саны - 1", - делінген COVID-19 таралуы туралы анықтамада.

Қайтыс болған адамның ғарыш айлағында жұмыс істеген-істемегені туралы мәлімет жоқ.

18 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустан 105 адам қайтыс болған.