Байқоңырдан ұшырылған "Союз" кемесі апатқа ұшырады

0
1 155

Аман қалған экипаж мүшесі Қазақстанға апаттық жағдайда қонады деп күтілуде


Байқоңырдан ұшырылған

ERNUR.KZ. Халықаралық ғарыш станциясына бет алған "Союз" тасығыш-зымыраны әуеге көтерілгеннен кейін апатқа ұшырады деп хабарлайды ресейлік ақпарат агенттіктері. Экипаж мүшесі аман қалған, ол Қазақстанға апаттық жағдайда қонады деп күтілуде, деп жазады nur.kz.

Интерфакс агенттігінің мәліметінше, зымыранды ұшырғаннан кейін оның екінші сатылы қозғалтқышы істен шыққан.

РИА Новости хабарлауынша да, апат бірінші сатының бөлінуінен кейін орын алған. Алайда ресми түрді бұл әлі расталған жоқ.

Интерфакста экипажбен байланыс орналтылғаны жазылған. Ал жерден ғарышкерлердің парашютпен түсіп келе жатқаны байқалады.

Экипаж құрамында ресейлік ғарышкер Алексей Овченин мен Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасының астронавты Ник Хейг болған. Ал үшінші орында жүк салынған контейнер тұрған.

"Союз МС-10" капсуласындағы үшінші орында Біріккен Араб Әмірлігінің алғашқы автронавты болады деп күтілген еді. Ол сондай-ақ 2019 жылдың сәуір айында Халықаралық ғарыш станциясына бір аптаға баруы тиіс болатын.