Бәйтерек ғимаратыАстана күні - әкімдік жоспарланған шаралар тізімін жариялады

0
1 090

​Коронавирус пандемиясына қарамастан, қалада бірқатар шара өтетіні айтылды.


Бәйтерек ғимаратыАстана күні - әкімдік жоспарланған шаралар тізімін жариялады

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Елорданың 22 жылдығына арналған бірқатар шара өтеді. Астаналық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне эпидемиологиялық жағдайға байланысты шараларды жабық ғимараттар мен концерт залдарында өткізуден бас тартылғанын айтты, деп жазады sputniknews.kz.

Астана күніне жоспарланған шаралар

3-4 шілде 19:00 -де танымал әншілердің қатысуымен "Құттық TIMES Astana" концерті өтеді. Мерекелік шара Есіл өзенінің жағасында өтеді.

1-6 шілде 18:00-де "Нұрлы жолмен" атты көрме өтеді. "Нұржол" бульварында астананың қалыптасуының маңызды сәттері көрсетілген инсталляциялар қойылады.

1-6 шілде 18:00-де орталық саябақта "Мерекелік сахна" мерекелік концерті өтеді. Көрермендер ашық аспан астында театрландырылған шоу бағдарлама тамашалап, балалар интерактивті ойындарға қатыса алады.

1, 5 және 6 шілдеде 15:00-19:00 аралығында саябақтар мен "Думанды Сарыарқа"скверлерінде шаралар ұйымдастырылады.

5-6 шілдеде 10:00-де Botanic Garden Eco Festival гүлдер жәрмеңкесі өтеді. Экобайқауда флористикалық авторлық жұмыстар көрсетіледі. Шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.

5-6 шілдеде 11:00-21:00 "Отбасы мерекесі" фестивалі өтеді. Тұрғындар ашық аспан астындағы екі кинотеатрда фильмдер мен мультфильм көреді. Түрлі спорттық шаралар, велошеру ұйымдастырылады.

5-6 шілдеде 21:30-да Nur-Sultan autocinema festival өтеді. Елордада алғаш рет даладағы автокинотеатр ұйымдастырылады.

1-7 шілдеде 19:00-23:00 аралығында ашық аспан астындағы KINO SPACE кинотеатры жұмыс істейді. "Қыз Жібек", "Менің атым Қожа, "Наш милый доктор", "Алпамыс мектепке барады", "Путь Лидера", "Ақсақ құлан", "Джон Уик", "Приключения Питера Пэна" және "Астерикс и Обеликс" фильмдерін тамашалай алады.

4, 5 және 6 шілдеде 10:00-де орталық саябақта ART CAMP граффити-фестиваль өтеді.

5 және 6 шілдеде 19:30-де "АВТОФЕСТ" ретро көліктер фестивалі.

6 шілдеде - Қайрата Баекенов пен "Формат" тобының концерті.

6 шілде 20:00-де "Хабар" және "Астана" телеарналарында "НҰР-СҰЛТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЖҮРЕГІ" гала-концерті көрсетіледі.