Байзақтағы жарылыстан зақым келген барлық үй жөнделді

0
786

Әлеуметтік көмек ретінде зардап шеккен әр отбасыға 300 мың, кәсіпкерлер тарапынан 200 мың теңгеден көмек көрсетілген.


Байзақтағы жарылыстан зақым келген барлық үй жөнделді

ERNUR.KZ. Байзақ ауданында зардап шеккен 35 үй толығымен қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді, деп жазады inbusiness.kz.

Үшбұлақ ауылындағы 4, Жібек Жолы ауылындағы 12 және Қайнар ауылындағы 19 отбасының барлығы үйлеріне кірді. Қайта жаңғыртудан өткен үйдің барлығы бір сәулеттік үлгіге келтірілген. Қасбеті сарғыш, іргетасы қызыл түспен боялып, шатыры қызыл жабынмен жабылған.

Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаилдың айтуынша облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес барынша әлеуметтік қолдауларды ұйымдастырылған. Ол ауылдағы әлеуметтік осал топтағы отбасыларды газбен қамту жұмыстары қолға алынғандығын, тұрғындар толығымен орталықтандырылған таза ауыз суған қосылғандығын жеткізді.

Әлеуметтік көмек ретінде зардап шеккен әр отбасыға 300 мың, кәсіпкерлер тарапынан 200 мың теңгеден көмек көрсетілген. Сонымен қатар, "Сенім Байзақ" қорына түскен қаржы есебінен тұрғындардың қора-жайлар да қайта қалпына келтірілген.