Бахрейнде қазақстандық жас қыздар сексуалдық құлдықтан босатылды

0
802

Жақсы жалақы төлейміз деген уәдеге сенген жас қыздар Бахрейнге қонақ үйде қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге келген.


Бахрейнде қазақстандық жас қыздар сексуалдық құлдықтан босатылды

ERNUR.KZ. Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы ҚР азаматшаларын сексуалдық құлдықтан босатты, деп жазады zakon.kz.

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы Қазақстанның 21 азаматшасын сексуалдық құлдықтан босатты.

Жақсы жалақы төлейміз деген уәдеге сенген жас қыздар Бахрейнге қонақ үйде қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге келген. Алайда, келген бойда күтіп алушылар құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бағынбаған жағдайда күш көрсеткен.

Қазіргі уақытта барлық күдіктілер, соның ішінде қазақстандық азаматшалар ұсталып, тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер арнайы оңалту орталығына орналастырылып, жуық арада Қазақстанға қайтарылады.