Бақыт Сұлтанов азық-түлік неліктен қымбаттап кеткенін айтты

0
539

Мәжілістің кулуарында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасы неліктен қымбаттап кеткені туралы қойылған сұраққа жауап берді.


Бақыт Сұлтанов азық-түлік неліктен қымбаттап кеткенін айтты

ERNUR.KZ. Бұл карантин шектеулеріне байланысты болып отыр, - деді Бақыт Сұлтанов, деп жазады baq.kz.

Мәжілістің кулуарында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасы неліктен қымбаттап кеткені туралы қойылған сұраққа жауап берді.

"Бұл карантин шектеулеріне байланысты болып отыр. Сондай-ақ өндірушіден тұтынушыға баратын жолға дейінгі шығындар көбейіп, өзгеріп жатыр. Бұл әлемдік құбылыс. Көршіліс елдерде де осындай жағдай. Картоп, қарақұмық және басқа да өнімдермен өзімізді 100% қамтамасыз етіп отырсақ та, экспорт пен импорттың көлемі бағаға әсер етеді",- деп жауап берді министр Бақыт Сұлтанов.


Сондай-ақ министр ЕАЭО-ға кіргеніміз қателік болып, қымбатшылыққа әсер етті ме деген сауалға өз пікірін білдірді.

"Одаққа кіргеніміз қателік болған жоқ. Өйткені біздің тауарларымыздың айналымы өсіп жатыр. Сонымен қатар тұтынушылар мен нарыққа жеткізу шығындарын азайтуға одақтың пайдасы зор", - деді Сауда министрі Мәжілістің отырысынан кейін кулуарда.