«Бақытты елдер тізімінде» Қазақстан көршіден қалып қойды

0
3 714

ERNUR.KZ. БҰҰ The World Hapiness Report баяндамасы негізінде 2018 жылдың ең бақытты елдерді атады. Біздің Қазақстан дәл былтырғыдай 60 орында.


 «Бақытты елдер тізімінде» Қазақстан көршіден қалып қойды

ERNUR.KZ. БҰҰ The World Hapiness Report баяндамасы негізінде 2018 жылдың ең бақытты елдерді атады. Біздің Қазақстан дәл былтырғыдай 60 орында.

156 мемлекет ішінде бақыттың кілтін дөп тапқан Финляндия көш бастап тұр. Екінші орынға Норвегия жайғасса, ылғи 1-2 орындарды бермей жүретін Данияға биыл бірдеңе жетіспеді-ау, олар үшінші орынды місе тұтыпты. Ал алғашқы ондықтар тізіміне Исландия, Швейцария, Нидерланды, Канада, Жаңа Зеландия, Швеция және Австралия мемлекеттері кірді.

Қазақстан үшін 60 орын айнымас дәстүрге айналғандай. Себебі, былтырғы көрсеткішіміз де осы болатын.

ТМД елдері бойынша көш бастаған Өзбекстан өз халқын бақытты етудің әдісін тапқан секілді. Бұл мемлекет бақытты елдер тізімінде 2017 жылда иеленген 47-орыннан биыл 44-ке бірақ көтерілді. Тәжікстан 80-ші орында. Қырғызстан 98-ден 92-ші орынға жоғарылады. Бақыттың кілтін таба алмай келе жатқан елдер қатарында Армения /129/, Әзірбайжан /87/, Беларусия /73/, Молдавия мемлекеті /67/ бар.

Ынтымағы жарасқан мемлекеттер қатарындағы көштің соңына Украина тұр. Олар өткен жылы 132 орында болатын.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бұл жобасы 156 елдің даму деңгейі, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қолдау, тұрғындардың жеке басының пікірлері мен көзқарасын ескерген. Елдің жалпы ішкі өнімі, өмір сүру ұзақтығы, жеке бас бостандығы мен жемқорлық деңгейін де есепке алады. Міне, осы көрсеткіштер бойынша рейтинг жасалады.