Бақытты және ұзақ өмір сүру бөлімі: Алматыда меморган немен айналысады?

0
1 215

Бақытты және ұзақ өмір сүру бөлімі қалалық әкімдіктің әлеуметтік әл-ауқат басқармасына қарайды.


Бақытты және ұзақ өмір сүру бөлімі: Алматыда меморган немен айналысады?

ERNUR.KZ. Қазнетте мемлекеттік құрылымдардың ерекше атаулары қызу талқыланып жатыр. Солардың бірі - Бақытты және ұзақ өмір сүру бөлімі, деп жазады Tengrinews.kz.

Бақытты және ұзақ өмір сүру бөлімі қалалық әкімдіктің әлеуметтік әл-ауқат басқармасына қарайды. Бұл бөлімнің мамандары зейнеткерлердің бақытты және ұзақ өмір сүруі үшін жауапты болса керек. Әкімдіктегілер бұл бөлімнің "Белсенді ұзақ өмір" және "Бақытты отбасы" орталықтарына жетекшілік ететінін айтады.

2019 жылы "Белсенді ұзақ өмір" жол картасы бойынша 101 122 000 теңге жұмсалған. Қазіргі уақытта Алматыда ұзақ өмір сүрудің жеті орталығы бар, онда зейнеткерлер әртүрлі курстар мен үйірмелерге қатыса алады. Оларға 6280 адам тіркелген.

"Жыл сайын санитарлық-курорттық емдеу шаралары төрт мың зейнеткерді қамтиды, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне емдеу шаралары тегін жүргізіледі", - деді әкімдік өкілдері.

Бақытты және ұзақ өмір сүру бөлімі орталықтардың атқарған жұмыстарын алға жылжыту және статистикасын шығарумен айналысады екен. Осылайша, былтыр "Бақытты отбасы" сегіз орталығында 40 мың адамға қызмет көрсеткен. Былтыр бұл кеңселер көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін ашылған.

"Орталық - білім алу мен ақпараттандыру, еңбек біліктілігін арттыру, педиатр кеңестерін алу, балалар мен ата-аналар денсаулығының алдын алу мен жағдайын жақсарту және бос уақытын ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс істейтін алаң. Бүгінде орталыққа 5 692 отбасы келген, ал әлеуметтік педагогтың қызметін 3 686 бала алды", - деп хабарлады әкімдік