Балабақша кезегін смартфон арқылы бақылап отыруға болады

0
3 296

Қызмет сондай-ақ ҚР көптеген ауданында да қол жетімді.


Балабақша кезегін смартфон арқылы бақылап отыруға болады

Баланы балабақшаға тіркеуге қойған ата-аналар кезектің қаншалықты жылжығанын онлайн қарап бақылап отыра алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оны бақылаудың екі түрлі жолы бар.

1. Смартфон телефоныңыздағы Телеграмм жүйесімен алу тәртібімен кезек номерін қарау

  • EgovKzBot қосымшасындағы қызметтер бөліміне кіріңіз.
  • «Балабақшаға кезек нөмірін қарау» қызметін таңдаңыз.
  • Баланың ЖСН енгізіңіз.

Айта кету керек, бұл қызметті пайдалану үшін сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болуыңыз тиіс.


2. Egov.kz қосымшасымен қарау

Ол үшін egov.kz электронды үкімет порталында «Балабақшаға кезек нөмірін қарау» қызметін таңдаңыз.

Өтінімді толтырып, баланың ЖСН немесе тегін, атын және туған күнін енгізіңіз.

Қызметті онлайн түрінде Нұр-Сұлтан, Ақсай, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Арыс, Атырау, Қапшағай, Қарағанды, Қаражал, Көкшетау, Қостанай, Курчатов, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Сәтбаев, Семей, Талдықорған, Тараз, Текелі, Түркістан, Орал, Өскемен, Шахтинск, Шымкент, Екібастұз қалаларының тұрғындары ала алады. Қызмет сондай-ақ ҚР көптеген ауданында да қол жетімді.