"Балаға зияны тимесін" - дәрігер маска тағу туралы

0
1 850

2 жасқа дейінгі және тыныс алу проблемалары бар балаларға маска тағуға тыйым салған.


ERNUR.KZ. Қазақстандық дәрігер Дмитрий Киреев балалардың міндетті түрде маска тағуына қатысты пікір білдірді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Ол АҚШ-тың педиатрлар қауымдастығы мен ауруларды бақылау және алдын алу орталығының деректеріне сүйене отырып, балаларға маска тағуға болмайтынын атап өтті.

"Олар 2 жасқа дейінгі және тыныс алу проблемалары бар балаларға маска тағуға тыйым салған. Сондай-ақ, масканы өздігімен шеше алмайтын балалар да оны тақпағаны жөн. Бұл топтағы балалар жанындағы адамдардан алыс жүріп, арақашықтықты сақтағаны жөн. Менің ойымша, әрбір ана мұны ескеріп, баласына зиян тигізбеу жағын ойлайтын шығар. Зиян тигізбеу дегеніміз тұншығуға жол бермеу", - деп түсіндірді дәрігер.