​Балалар абақтысы білім және ғылым министрлігіне беріледі – Қасымов

0
1 124

Колонияда жұмыс істейтін медициналық қызмет денсаулық сақтау министрлігіне табысталады.


​Балалар абақтысы білім және ғылым министрлігіне беріледі – Қасымов

ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер министрлігі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді түзету колониясын білім және ғылым министрлігіне өткізбек. Бұл туралы парламент тыңдалымында ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов айтты, деп жазады Today.kz.

Колонияда жұмыс істейтін медициналық қызмет денсаулық сақтау министрлігіне табысталады.

Министр Қазақстанда жасаған қылмысына орай сотталушыларды бөлек ұстау жүйесі жұмыс істейтінін айтты.

Одан бөлек, бейнебақылау да кеңейтіледі.

"Қазір алты түрлі орын бар, біз максималды мен төтенше қауіпсізді біріктіріп бесеу қыламыз. Бұл абақтының санын қысқартуға септігін тигізеді", – деді ІІМ басшысы.

Қазақстанда төрт колония жабылады, барлық қаражат абақты қызметкерлерінің жалақысын көбейтуге жұмсалады.