Балаларды күтіп тұрған: Елордада аялдамада автобустар соқтығысты

0
836

Оқыс оқиға бүгін таңертең Мәңгілік ел даңғылында болған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Балаларды күтіп тұрған: Елордада аялдамада автобустар соқтығысты

ERNUR.KZ. Астанада қоғамдық көлік пен мектеп автобусы соқтығысты, деп жазады sputniknews.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 07:24-де Мәңгілік ел даңғылы бойындағы аялдамада №15 бағдардағы автобусы арақашықтықты сақтамай, мектеп автобусымен соқтығысқан.

"Мектеп автобусы аялдамада балаларды күтіп тұрған. Жол апаты кезінде онда жолаушылар болмаған", - делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ал бағдардағы автобуста 30-дан астам жолаушы отырған. Жол апаты салдарынан қоғамдық көліктегі 2 жолаушы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.