Балаларды ревакциналау үшін "Спутник М" пайдаланылуы мүмкін

0
536

​Жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы ревакцинация жасау үшін "Спутник М" вакцинасының бірінші компоненті пайдаланылуы мүмкін.


Балаларды ревакциналау үшін

ERNUR.KZ. Бұл туралы Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ҰЗО директоры Александр Гинцбург мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Гинцбург реттеуші қосымша тексеріс жүргізуді тапсыруы мүмкін екенін нақтылады.
"Ревакцинация үшін "Спутник М" вакцинасының бірінші компоненті пайдаланылады деген үміттемін. Десе де реттеуші бізге қосымша зерттеу жүргізуді тапсыруы мүмкін", - деді Гинцбург.
Айта кетері, Ресейде ересектер коронавирусқа қарсы қайта вакцина салдыру үшін белгіленген тәртіпте тіркелген кез келген вакцинаны таңдай алады. Ревакцинация үшін бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасын да алуға болады.
Бұған дейін Гинцбург балаларды жарты жылда бір рет ревакциналауға кеңес берді. Алайда егер коронавирус штамы баяу өзгерсе, екпе алу мерзімі де ұлғаяды.
Еске салсақ, 6-11 жастағы балалар үшін "Спутник М" вакцинасын зерттеу Мәскеуде бірнеше клиникада жүргізіледі. Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі қажетті зерттеулерден кейін 12-17 жастағы жасөспірімдер үшін "Спутник М" вакцинасын тіркеу туралы шешім қабылдаған болатын.