Балалары жетім қалды: Қарағандыда болған қайғылы жағдайға байланысты жаңа деректер анықталды

0
552

Әйелдің биіктіктен секіруі бірінші рет емес. Шатырдан, биік жерден секіруді хоббиі санаған.


Балалары жетім қалды: Қарағандыда болған қайғылы жағдайға байланысты жаңа деректер анықталды

ERNUR.KZ. Қарағандыда болған қайғылы жағдайдың анық-қанығы белгілі болды. Қаза тапқан әйел тұрмыста болған. Артында екі баласы қалды, деп жазады Stan.kz.

"Биіктіктен құлап, қаза тапқан әйел 33 жаста болатын. Шахтинск қаласының тумасы еді. Есімі – Евгения. Биіктіктен секіруі бірінші рет емес. Шатырдан, биік жерден секіруді хоббиі санаған. Әйел Сарань қаласы маңындағы бос қалған көпқабатты үйлерге осы үшін арнайы баратын", - делінген хабарламада.

Қаза тапқан әйел тұрмыста болған және артында екі баласы қалды. Бұдан бөлек отбасы анасы қайтыс болған туысын да тәрбиелеп отырған.

"Евгения еш ойланбастан, баланы өз тәрбиесіне алған", - деп жазады басылым.