Балық аулауға шыққан мектеп директорының денесі табылды

0
1 549

Қасында болған екінші адам іздестіріліп жатыр


Балық аулауға шыққан мектеп директорының денесі табылды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық ауылының мектеп директоры Бақтыгерей Тәжмағанбетовтың денесі табылды, деп жазады nur.kz.

31 жастағы мектеп директорын құтқару жасағы су астынан алып шыққан. Алайда оның жанында болған екінші адам табылмай жатыр.

"Менің баламды алып шықты. Денесі табылды. Екінші адам іздестіріліп жатыр. Көл жағасында екі жақтың да туыстары жүр", - деп хабарлайды марқұмның туыстары.

Суға батып кеткен мектеп директоры сенбі күні түс ауа алты адам болып балық аулауға шыққан. Марқұмның туыстары демалысқа шыққандар қатарында ауыл прокурорының да болғанын айтады.

Айта кетейік, 31 жастағы білім ордасының директорының жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.