​"Барахолкадағы" қоймалардың бірі өртеніп жатыр

0
1 073

Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалын 300 шаршы метр аумақты шарпыған.


​

ERNUR.KZ. "Барахолка" территориясындағы сауда павильондарының бірінің қоймасы өртенді деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, өрт туралы хабарлама өртке қарсы қызметке сағат 13:41-де келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минутта жеткен.

Жетісу ауданы, Москвин көшесінің бойында орналасқан қоймалар маңында 57 өрт сөндіруші мен 16 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалын 300 шаршы метр аумақты шарпыған.

Нақтырақ мәліметті ведомство кешірек хабарлайтын болады.