«Барселонаның» бұрынғы бапкері клубты сотқа берді

0
787

Командадан тамызда кеткен маман келісімшартты бұзғаны үшін өтемақы талап етіп отыр.


«Барселонаның» бұрынғы бапкері клубты сотқа берді

ERNUR.KZ. «Барселонаның» бұрынғы бапкері Кике Сетьен испаниялық футбол клубын сотқа берді, деп жазады 24.kz.

Командадан тамызда кеткен маман келісімшартты бұзғаны үшін өтемақы талап етіп отыр.

Мұның алдында Сетьен каталониялық клубтан келісімшартта көрсетілген 4 млн еуро төлемді өндірмек екені хабарланған.

Сетьен «Барселонаны» 2020 жылдың қаңтарынан тамызына дейін жаттықтырған, осыдан кейін оның орнына голландиялық Рональд Куман келді.