Бас дәрігер: Айзат Молдақасымова жаңа қызметке тағайындалды

0
531

Бұл ақпаратты медицина мекемесінің өкілдері растады.


Бас дәрігер: Айзат Молдақасымова жаңа қызметке тағайындалды

ERNUR.KZ. Айзат Молдақасымова Алматыдағы № 27-ші емхананың бас дәрігері болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты медицина мекемесінің өкілдері растады.


«Иә, Айзат Молдақасымова кешеден бері №27 бас дәрігері болып жұмыс істейді», - деп хабарлады емханадағылар.


Маусым айында Айзат Молдақасымова Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ұлттық орталығының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.

Кейін Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ұлттық орталығында сынақ мерзімінен өте алмауына байланысты қызметінен босатылды.