Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер тағы бір қаулыға қол қойды

0
604


Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер тағы бір қаулыға қол қойды

ERNUR.KZ. «Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы №16 қаулысына қол қойылды, деп жазады Zakon.kz.

Осы қаулымен «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулының күші жойылды.

Бұрын қолданыстағы қаулыға қарағанда жаңа қаулыда:

  • маска кию міндетті болып табылатын медициналық ұйымдарды (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) қоспағанда үй-жайларда міндетті түрде маска кию алынып тасталды. Сондай-ақ халықтың көп жиналатын орындарында, қоғамдық және әуе көліктерінде, ұйымдасқан ұжымдарда медициналық масканы пайдалану ұсыным сипатында қалдырылды;
  • объектілерде санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтау бойынша ерекше талаптар алынып тасталды.Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.