Бас мүфти: Күн сайын бір сағат арнайы онлайн-хатым оқылады

0
1 101

Қасиетті Қадыр түнінде Құран Хатым дұғасы жасалады.


Бас мүфти: Күн сайын бір сағат арнайы онлайн-хатым оқылады

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы баспасөз конференциясында оразада арнайы онлайн-хатым оқылатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ muftiyat.kz сайтына сілтеме жасап.

«ҚМДБ-ға қарасты «Хикмет ТВ» студиясы арқылы Рамазан айында күн сайын Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бір сағат арнайы онлайн-хатым оқылып, қасиетті Қадыр түнінде Құран Хатым дұғасы жасалады. Сондай-ақ, muslim.kz истаграм парақшасы арқылы онлайн режимде Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті имамдарымен күнделікті «Батамен ел көгерер» атты дұға жасау рәсімі ұйымдастырылатын болады» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.