Бас мүфти «Құрмет» орденімен марапатталды

0
2 677

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ораз Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.


Бас мүфти «Құрмет» орденімен марапатталды

ERNUR.KZ. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің биік мақсаттарын ілгерілетуге белсене қатысқаны үшін» бірқатар діни басшылар марапатталды, деп жазады ktk.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ораз Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Марапатты Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының жетекшісі Қасым-Жомарт Тоқаев табыс етті, деп хабарлайды Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты.