Бас прокуратура заңсыз митингілерге байланысты үндеу жасады

0
669

Заңсыз митингілерге қатысатын азаматтардың жауапкершілікке тартылатыны тағы бір мәрте ескертілді.


Бас прокуратура заңсыз митингілерге байланысты үндеу жасады

Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Болат Дембаевтың үндеуі жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"6 маусымынан бастап "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" жаңа Заң (бұдан әрі - Заң) қолданысқа енгізіледі.

Жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін Заңмен хабарлама жасау тәртібі қарастырылған.

Ұйымдастырушы оларды өткізу күніне дейін бес жұмыс күн бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама береді, ол үш жұмыс күн ішінде оны қарауға тиіс (Заңның 10, 11-баптары). Бұл мерзім аяқталған соң жауап болмаған жағдайда, ұйымдастырушы бейбіт жиналысты өткізеді (Заңның 11-бабы 1-тармағының 3-тармақшасы).

Демонстрациялар мен шерулер үшін келісім тәртібі белгіленген. Өтініштер өткізілетін күнге дейін он жұмыс күн бұрын беріледі, ол бойынша жергілікті атқарушы орган жеті жұмыс күн ішінде жауап беруге міндетті (Заңның 12, 13-баптары).

Осы уақыт ішінде ұйымдастырушы мен жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды қауіпсіз өткізу, оларға қатысушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдайлар жасайды.

Бұл ретте бейбіт жиналыстар арнайы орындарда өткізілуі тиіс (Заңның 9-бабы).

Дәл осы сәтте жергілікті өкілді органдар осындай орындарды және демонстрациялар мен шерулер үшін жүру маршруттарын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау бойынша рәсімді жүргізуде (Заңның 1-бабының 3 тармақшасы, 8-бабының 2-тармағы).

Бейбіт жиналыстар көрсетілген рәсім аяқталғаннан кейін ұйымдастырылуы және өткізілуі мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 4 маусымда үндеу таратып, онда карантин кезеңінде елде бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде митингілерді өткізуге тыйым салынғанын көрсеткен.

Оны сақтамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген.

Дегенмен, жекелеген тұлғалар ел азаматтарын 2020 жылғы 6 маусымда жаппай митингілерге шығуға шақырып жатыр.

Жаңадан белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды ұйымдастыру және оларға қатысу заңсыз болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады (тіпті 15 тәулікке қамауға алуға дейін)", - делінген үндеуде.