Бас санитар: 16 науқастың жағдайы ауыр

0
830

Бас санитар елдегі коронавирус жұқтырғандардың инфекцияны нақты қайдан, қалай жұқтырғанына тоқталды.


Бас санитар: 16 науқастың жағдайы ауыр

ERNUR.KZ. Бұл туралы коронавирустық инфекцияның ағымдағы жағдайына қатысты өткен онлайн брифинг барысында ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Бүгінде әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 миллион 270 мыңнан асқан. Оның 70 мыңдайы өайтыс болған. Қазақстанда бұл індетті жұқтырған 604 науқас тіркелді, оның 45-і жазылып, алтауы өмірден озған.

Бас санитар елдегі коронавирус жұқтырғандардың инфекцияны нақты қайдан, қалай жұқтырғанына тоқталды.

Жалпы, 122 жағдай сырттан келген, 350-ден астам жағдай өзара байланыс салдарынан болған (отбасы мүшелері және әріптестерімен байланыста болғандар), 130 жағдай жергілікті жерде тіркелген, яғни, инфекция көзін анықтау мүмкін болмаған жағдай. Бүгінде жалпы алғанда 45 адам жазылып шықты, оның 24-і Нұр-Сұлтан қаласынан, 21-і Алматыдан, - деді Есмағамбетова.
Айжан Есмағамбетованың айтуынша, науқастардың 85%-ының жағдайын жеңіл және симптомсыз деп бағамдауға келеді, 11,5%-ның жағдайы орташа. Ал, 16 пациенттің жағдайы ауыр. Бұл науқастар - Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан.