Бас санитарлық дәрігердің қаулысына өзгерістер енгізілді

0
990

Қазақстан Республикасына шетелден келген барлық адам 2 тәулікке дейін коронавирусқа тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшауланады.


Бас санитарлық дәрігердің қаулысына өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаулының толық мәтінін мына жерден көре аласыздар.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанның Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің 5 күнінен кешіктірілмей берілген ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама берген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелден келген барлық адамды 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшауланады.

Сондай-ақ, ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келген барлық адамдарға (бұдан әрі – келген адамдар) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін орындарда осы қаулыға 43-қосымшаға сәйкес сауалнама жүргізуді және ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу үшін материал алуды қамтамасыз етсін делінеді.

Келген адамда COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі алынған кезде мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік пунктке (бұдан әрі - СКП) іссапарға жіберілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің (бұдан әрі – ТКҚСҚБД) маманы COVID-19-ға оң нәтиже туралы ақпаратты қазіргі уақытта сауалнамада көрсетілген маршруттық параққа сәйкес келген адам аумағында болатын ТКҚСҚБД-не береді.

"Вахталық әдіспен жұмыс істейтін, "Теңізшевройл" ЖШС объектілерінен демобилизацияланған адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін келген орны бойынша карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады, оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулау ұсынылады", - делінген қаулыда.