"Бас жүлде - 5 тонна көмір": "Дос Мұқасанның" концертінде ұтыс ойнатылады

0
1 110

Жүлде ішінде мәшиненің қыстық төрт дөңгелегі де бар.


ERNUR.KZ. Аты аңызға айналған «Дос Мұқасан» Семей қаласында концерт береді. Әйгілі топтың концерті 12 қазан күні «Спартак» стадионында болады. Кеш барысында ұтыс ойындары ұйымдастырылады, деп жазады altaynews.kz.

Иә, кеш барысында концерт билеттеріндегі сан бойынша ұтыс ойнатылады.

Ұтысқа тоңазытқыш, микро толқынды пеш, кір жуатын мәшине, теледидар сынды тұрмыстық техникалар, Алакөлге екі адамдық жолдама, мәшиненің қыстық төрт дөңгелегі тігіледі.

Ал студенттік билеттер бойынша ноутбук пен смартфон, гитара мен домбыра ойнатылады.

Кештің басты жүлдесі – көмір. Иә, 4 адамның билетінің нөмірінде 5-5 тоннадан көмір жасырылған.

Айта кетейік, концерт билеттері ересектерге – 2 500, студенттерге 1 000 теңгеден.