Басқа қаладан келген колледж студенттеріне каникул кезінде 13 мың теңге төленеді

0
520

Оқу-ағарту министрі техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңалықтарға тоқталды.


Басқа қаладан келген колледж студенттеріне каникул кезінде 13 мың теңге төленеді

ERNUR.KZ. Биылдан бастап басқа қаладан келген колледж студенттерінің жол жүру ақысы билетсіз-ақ өтеледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik.kz

Оқу-ағарту министрі техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңалықтарға тоқталды.
"Биылдан бастап басқа қаладан келген студенттерге каникул уақытында растайтын құжаттарсыз жол жүру ақысына өтемақы (4 АЕК, биыл 13 800 теңге) төленеді",- деді Бейсембаев кеңейтілген алқа отырысында.
Сонымен қатар, колледж базасында жоғары сынып оқушыларына жұмысшы біліктілігін беру бойынша пилоттық жоба іске қосылмақ. Министрдің айтуынша, бұл оқу аяқталғаннан кейін түлектерге мектеп аттестатымен бірге колледж дипломын алып, еңбек нарығына шығуға мүмкіндік береді.
Бұған қоса Бейсембаев колледж басшылары көшбасшылық және менеджмент бойынша оқытудан өтетінін атап өтті.