Басшыларын иіссумен «сатып алмақ» болған маңғыстаулық шенеунік жұмыстан қуылды

0
393

Бахтияр Қуанышбеков осыдан бір жарым ай бұрын Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалған болатын.


Басшыларын иіссумен «сатып алмақ» болған маңғыстаулық шенеунік жұмыстан қуылды

ERNUR.KZ. Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаровтың өкімімен ҚР Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлім басшысының міндетін атқарушы Бахтияр Қуанышбек қызметінен босатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұған дейін Маңғыстаудың Мұнайлы ауданындағы әкімдіктің бөлім басшысы басшыларын иіссумен «сатып алмақ» бол ғаны жазылған видео әлеуметтік желіде тарағанын жазған едік.

Айта кетейік, видеода Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бахтияр Қуанышбектің әріптестерімен әңгімесі жазылған.

Ал сол видеода аты аталған облыстық басқарманың екі басшысы «бұл видеожазба сыбайлас жемқорлыққа шақырады» деп құзырлы орынға арыз-шағым түсірді.

Айта кетейік, Бахтияр Қуанышбеков осыдан бір жарым ай бұрын Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалған болатын.