Басы ауырған жүкті әйел ауруханада көз жұмды

0
2 170

Болған жағдайды Денсаулық сақтау басқармасы растап отыр


Басы ауырған жүкті әйел ауруханада көз жұмды

ERNUR.KZ. 12 қыркүйек күні атыраулық 25 жастағы жүкті әйел ауруханада қайтыс болды, деп жазады sn.kz.

Қайғылы жағдайды Денсаулық сақтау басқармасы растап отыр. Бірақ нақты ақпарат беруден бас тартқан.

Бейресми ақпараттарға сүйенсек, әйел 12 қыркүйек күні таңертең басы ауырып, жедел-жәрдем шақыртқан. Жүктілігінің 34-аптасына таяған келіншек перзентхананың жансақтау бөлімінде көз жұмыпты.