Басына мұз кесегі құлаған әйел көз жұмды

0
2 173

Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды


Басына мұз кесегі құлаған әйел көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматыда әйел басына мұз кесегі құлап мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға бүгін түскі сағат 13:00 шамасында Бостандық ауданында болған.

«Әйел 1958 жылы туған. Оның өлімі бойынша дерек Бостандық ауданы ІІБ тіркелді. Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.