Батыс Қазақстанда кинотеатрлардың жұмыс жасауына рұқсат берілді

0
2 301

Кинотеатрлар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, толымдылығы 20 пайыздан аспауы тиіс.


Батыс Қазақстанда кинотеатрлардың жұмыс жасауына рұқсат берілді

ERNUR.KZ. БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 8 ақпандағы қаулысы шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, өңірде кинотеатрлардың, сондай-ақ театр, мәдени нысандардың жұмыс жасауына рұқсат етілді.

Ол үшін кинотеатрлар InfoKazakhstan.kz сайтында міндетті түрде тіркеліп, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, толымдылығы 20 пайыздан аспауы тиіс. Сол секілді театр, мәдени нысандарда жеке және топтық дайындықта бір мезгілде келушілер саны 30 адамнан, орындар саны 20 пайыздан аспауы керек.

Сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру орындарының қызмет жасау мерзімі ұзартылып, сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін ашық болады.

Қоғамдық көліктер тоқтатылмайды, яғни Оралда жексенбі күні де жүретін болды. Ал сауда үйлері және жабық базарлар тек жексенбі күндері жұмыс істемейді.

Басқа шектеу іс-шаралары сақталады.

Еске сала кетсек, Оралда жексенбі күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Сондай-ақ БҚО аудандарында коронавирусқа қарсы екпе жасала бастады.