Батыс Қазақстанда ток соққан екі бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді

0
427

Төрт бала ойнап жүріп, қосалқы станцияның қоршалған жабық аумағына кірген.


Батыс Қазақстанда ток соққан екі бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында ток соққан екі бала ауруханаға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бірінші оқиға 24 мамыр күні сағат 13.55-те Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында болған.

«Төрт бала ойнап жүріп, қосалқы станцияның қоршалған жабық аумағына кірген. Сол кезде бес жасар ұл баланы ток соққан. Аудандық ауруханаға жатқызылған оның жағдайы ауыр», - делінген хабарламада.

Екінші оқиға 24 мамыр күні сағат 11.00-де Казталов ауданы Бостандық ауылдық округі Ақсуат қыстағында болды.

«Ата-анасының қарауынсыз қалған алты жасар ұл бала трансформаторға (380 Вт) қолын тигізген. Соның салдарынан 2-3 дәрежелі күйік жарақатын алып, аудандық ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа», - делінген хабарламада.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, Жаңақазан ауылында ток соққан баланың екі қолы күнген. Жағдайы өте ауыр. Қаладан кеше санавиация барды.