Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 12 адам зардап шекті

0
937

Апат тас жолдың жөндеуде болған учаскесінде тіркеліпті. "ҚазАвтожол" тиісті белгілер орнатылған дейді.


Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 12 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Ақтөбе - Атырау – Астрахань тас жолында екі көлік бір-біріне соғылып қалды. Оқиға салдарынан он екі адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Медициналық тексеру нәтижесінде зардап шеккен екі азамат ауруханаға жатқызылды, деп жазады sputniknews.kz.

Жол апаты 28 қарашада, түнгі сағат 23:30 шамасында Ақтөбе - Атырау – Астрахань тас жолының 743-ші километрінде болды.
"Исатай ауданы Манаш ауылы маңында Toyota Ipsum маркалы екі көлік бір-бірімен бетпе-бет соғылды. Апаттан кейін Аққыстау аудандық ауруханасына он екі адам келіп, көмек сұрады. Медициналық тексеруден кейін он адам үйіне жіберілді", - деп хабарлады "ҚазАвтожол"АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.
Ауруханада екі адам қалды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың бірі ауыр халде жатыр.
Полицейлер апаттың себебін тергеу барысында анықтайды. Оқиға жүргізушілердің жөнделіп жатқан жол учаскесін көрмей қалуынан болуы мүмкін.
Дегенмен "ҚазАвтожол" жолдың жөндеуден өтіп жатқаны туралы ескертетін барлық қажетті белгілер орнатылды дейді.