Батыс Қазақстанда жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті

0
703

Оқиға 28 мамыр күні Ақжайық ауданы Алмалы ауылында болған.


Батыс Қазақстанда жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, деп жазады inform.kz.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 мамыр күні Ақжайық ауданы Алмалы ауылында болды. Сағат 18.00-де ауылдан 3 шақырым жердегі Жайық өзенінде шомылуға тыйым салынған жерде алдағы айда 15 жасқа толатын ер бала батып кетті.
Кешеден бері іздестіру жұмыстары жүргізіліп, марқұмның денесі 29 мамыр күні сағат 07.00-де оқиға болған жерден 50-60 шақырым қашықтан табылып, судан шығарылды.
Бұл – биылғы осындай бірінші оқиға. Өткен жылы облыста 24 адам суға кетсе, соның 8-і балалар еді.