Батыс Қазақстанда жоғалған екінші баланың денесі табылды

0
863

Батыс Қазақстанда ағалы-інілі балалар жоғалып кеткен болатын.


Батыс Қазақстанда жоғалған екінші баланың денесі табылды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жоғалған екінші баланың да денесі судан табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, екі жасар баланың денесі сағат 15.50-де Қарасудан табылды.

Оның денесін сүңгуірлер тауып, алып шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ағалы-інілі балалардың жоғалып кеткенін және біреуінің денесі табылғанын жазған болатынбыз.