Бауырсақ пісіруден байқауда кәрістер жеңімпаз атанды

0
2 008

Бауырсақтан бөлек, өзге этномәдени өкілдерінің ұлттық тағамдары да таныстырылды


Бауырсақ пісіруден байқауда кәрістер жеңімпаз атанды

ERNUR.KZ. 20 этномәдени өкілдері арасында «Достық дастарханы» атты бауырсақ көрмесі өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Сайысқа қатысқан әр ұлт өкілі, ас атасын бірнеше түр-түрін дайындап әкелген. Бірі дәмімен ерекшеленсе, бірі пішінін өзгерткен. Кәріс ұлты бауырсақтың 8 түрін көрмеге қойыпты.

«Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі бауырсақ көрмесі өтіп жатыр. Ас атасы нан демекші, бауырсақ пен қоса ұлттық тағамнан да әзірлеп әкелдік. Дастархан үстінде нан тұрса бізде бәрі жақсы болатыны сөзссіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай»,-дейді Кәріс ЭМБ төрайымы Раиса Маденова.

Бауырсақтан бөлек, өзге этномәдени өкілдері ұлттық тағамдарын да таныстырды. Сайысқа түскен 20 этномәдени өкілдерінің дайындаған дәмді бауырсақтары бағаланып, 1-ші, 2-ші және 3-ші орын алғандар марапатталды. Бірінші орын Кәріс этномәдени өкілдеріне бұйырса, екінші орынды, бауырсақпен түшпараны дәмді дайындаған Беларус ұлтының өкілдері жеңіп алды. Үшінші орынға Қарақалпақ этномәдени бірлестігінің дастарханы лайық деп танылды.