Бауыры мен баласын жерлеген зейнеткердің несиесін нұротандықтар жауып берді

0
973

Зейнетақы жыртығына жамау бола алмаған соң, банк карточкасы бұғаталыпты


Бауыры мен баласын жерлеген зейнеткердің несиесін нұротандықтар жауып берді

сурет: "Астана" телеарнасындағы сюжеттің скриншоты


ERNUR.KZ. Қайния Байбатырова бір жылда екі інісі мен туған ұлынан айырылып қалып, солардың жаназасына несие алған. Кейін уақытында жаба алмай тығырыққа тіреліпті. Зейнетақы жыртығына жамау бола алмаған соң, банк карточкасы бұғаталыпты, деп жазады Астана телеарнасы.

Сондықтан өткен жылдың аяғында партиядан көмек сұрап өтініш жазған. Көп күттірмей-ақ аудандық мәслихат депутаттары 300 мың теңге жинап берген. Алатау аудандық филиалына келген зейнеткер партия мүшелеріне ризашылығын білдірді.

Қайния Байбатырова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Екі інім, туған жалғыз ұлым өзімнің о дүниеге кетті. Бәрі жүректен қайтыс болды. Соның жаназасына ақшалай алынған зат қой. Соны қиналып төлей алмай, осы «Нұр Отан» партиясына келдім. Екі ай зейнетақымды блокта ұстап қалды ғой, арестке қойған төленбегеннен кейін уақытында. Соны жаптым. Алғысым өте көп.