Баян Мақсатқызы: Қытайларда мынадай тамаша сөз бар...

0
1 728

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.


Баян Мақсатқызы: Қытайларда мынадай тамаша сөз бар...

ERNUR.KZ. Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы қазақ қыздарының басқа ұлт өкілдерімен некеге тұруына қатысты кейбір ер азаматтардың позициясы туралы ойын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Таңқалдым десем, ештеңе айтпағаным. Қытайлықтардан миллиардтаған доллар алуға болады, олардың жабдықтарын өте көп пайдаланамыз, қытайлық мейрамханалардан ас ішеміз, киімдерін киіп, мұнай компаниямызды басқарсын, бірақ қытайлықтарды сүюге болмайды... Бұлай ойлайтын адамадарды мен махаббатты сезінбегендер деп білемін. Менің айтқым келгені - махаббат ұлт, түс, діл, салт-дәстүр және сол сияқтыларды таңдамайды, ол жай ғана сүйеді. Өркениетті әлемде адамның жеке басына қол сұғу дөрекіліктің шыңы саналады. Ал дұрыс тәрбие алған адамның ойына мұндай тіпті келмейді. Осы қараңғылыққа біз қанша уақыт шыдаймыз? Неге әйелдеріміз тұрмысқа шығу үшін ер атаулы қоғамнан рұқсат сұрауы керек? Неліктен жеке қарым-қатынас жалған патриотизмге айналды?", - деп Баян Мақсатқызы наразылығын білдірді.

Продюсердің айтуынша, қазақстандықтар қыздарымыз тұрмысқа шыққысы келетіндей өзгеруі тиіс. "Ұсақ-түйектен бастаңыз, әйелдің құқығы мен жеке басын құрметтеуді үйреніңіз. Әйел - құл емес, оның кімді сүйетінін шешетіндей ол сіздің мүлкіңіз емес. Мен халықаралық неке үшін де, оған қарсы да емеспін. Мен тек махаббатты қолдаймын. Махаббат қана әйелді бақытты қылады және махаббатқа бөленген әйел ғана бала тапқысы келеді. Сөзіме сеніңіз, оған қандай ұлт болса да бәрібір, баланы ұлты мен түсіне қарамастан, сүйетін болады... Қытайларда мынадай тамаша сөз бар - "Дүниенің жартысы әйелдерде", - деп жазды ол.