"Баяндамада жазылғаннан басқаны білмейсіз". Сағынтаев вице-министрге шүйлікті

0
2 133

​Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрлігінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрлігінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін үкімет отырысында Шығыс Қазқастан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдегі су тасқынына байланысты баяндама жасаған болатын. Облыс әкімі төтенше жағдайлар департаментінде мотопомпа, гидрокомбинезон, қайық – бәрі тапшы екенін айтты.

Үкімет басшысы ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменовтен мұның себебін сұрады.

"Бұл мәселе бойынша біз демалыс күні ұлттық ұлан ұшағымен Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар облыстарынан жеке құрам мен техникалар жеткіздік", — деді Сүлейменов.

"Ол дұрыс енді, жоқ болғаннан кейін басқа облыстардан алып отырсыз ғой. Ал Даниал Кенжетайұлы айтып отыр, норма бойынша осынша болу керек, ал шын мәнінде өте төмен деп. Министрлік тарапынан қандай шаралар жасалып жатыр", — деп нақтылады премьер.

Бірақ ІІМ вице-министрі қолында дайын баяндамасы болмаған соң, жауап бере алмай қиналды.

"Әрине, алдыңызда баяндама жоқ, сонда сіздер қалай басқарасыздар? Баяндамада жазылғанды оқисыздар, жазбаса жағдайдың не болғанын білмейсіздер. Осыдан кейін төтенше жағдайға душар боламыз, техника жоқ, комбинезон жоқ, мотопомпа жоқ. Қиын жағдай болса, көрші облыстардан сұрап аламыз", — деп ашуланды Сағынтаев.